Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында шектеу шараларын күшейту туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында шектеу шараларын күшейту туралы

Назар аударыңыздар!

Қазақстан Республикасында COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу үшін, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандаңы №727 Қаулысына сәйкес 57 мемлекеттің, оның ішінде Чех Республикасының азаматтарына бір жақты визасыз режимнің уақытша тоқтылуы 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзиттік жол жүруші ҚХР мен Үндістан азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз режимнің тоқтатылуы 2020 жылғы 31 желтоқсан 23:59 сағатқа дейін ұзартылды.

Демек 2020 жылғы 1 қарашаға дейін Қазақстанға сапар шегетін Чех Республикасы азаматтары Лондондағы ҚР Елшілігінің Консулдық бөлімі арқылы, тиісті санаттағы визаны алуға тиісті.

Қазақстандық визаны алу тәртібіндегі келесі маңызды өзгеріске назар аударуларыңызды сұраймыз.

ҚР визаларын беру өтінім берушінің ҚР миграциялық қызметінде рәсімделген шақыруы (визалық қолдауы) болуы міндетті (толығырақ ақпаратты Елшіліктің Консулдық бөлімінен немесе сайттан біле аласыздар).