
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Өздеріңізге белгілі болғандай, 2026 жылғы 15 наурызда конституциялық реформа бойынша республикалық референдум өтеді.
Осыған байланысты сіздерді дауыс беруге қатысуға шақырамыз. Сайлау бюллетеньдерінің саны шектеулі екенін және олардың берілген өтінімдер негізінде қалыптастырылатынын назарларыңызға саламыз. Алдын ала тіркеу болмаған жағдайда, бюллетень шектеулі санына байланысты берілмеуі мүмкін.
Дауыс беру үшін қажетті бюллетеньдердің жеткілікті санын қамтамасыз ету мақсатында баршаңызды төмендегі сілтеме арқылы алдын ала тіркелулеріңізді сұраймыз.