Прага, 2025 жылғы 16 қараша – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі Чехияда аккредиттелген дипломаттардың жұбайлары қауымдастығы ұйымдастырған жыл сайынғы Халықаралық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шараға 50-ден астам дипломатиялық миссия қатысып, өз елдерінің ұлттық өнімдері мен ақпараттық материалдарын ұсынды.
Қазақстан стенді ұлттық тағамдардың кең гастрономиялық түрін, сувенирлік бұйымдар мен еліміз туралы таныстырылымдық материалдарды ұсынды. Қонақтарға қымыз, айран, құрт, ірімшік сынды дәстүрлі ұлттық дәмдер ұсынылды.
Жәрмеңкенің құрметті қонағы Чехияның Бірінші ханымы Ева Павлова болды. Қазақстан экспозициясымен танысу барысында ол ұлттық тағамдар, дәстүрлер мен мәдени мұраға ерекше қызығушылық танытып, ұсынылған элементтердің алуан түрлілігін атап өтті.
Мәдени бағдарламада қазақстандық студенттер танымал қазақ әндері мен белгілі композиторлардың күйлерін орындады.
Жәрмеңке барысында жиналған барлық қаражат мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында жергілікті қайырымдылық ұйымдарына бағытталатын болады.