«Astana Motors» компаниясы Еуропа нарығына шығады

«Astana Motors» компаниясы Еуропа нарығына шығады

Прага, 2025 жылғы 18 қыркүйек – Қазақстандық «Astana Motors» компаниясы қытайлық автокөлік өндіруші «Chery» компаниясымен бірлесіп, брендтің Чехия нарығына шығуын және Прага қаласында алғашқы автосалонның ашылуын ресми түрде таныстырды.

Іс-шараға «Astana Motors» компаниясының Негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, Қазақстанның Чехия Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев, «Chery International» Вице-президенті әрі «Chery» компаниясының Еуропадағы Бас директоры Джефф Чжан, сондай-ақ автомобиль саласының сарапшылары, чехиялық бизнес өкілдері мен журналистер қатысты.

Чехияда бес бензинді және гибридті нұсқадағы кроссоверлер ұсынылды. Жыл соңына дейін Chery Tiggo 9 PHEV флагмандық моделінің таныстырылымы өтеді. Презентацияға қатысушылар TIGGO модельдік қатары туралы толық ақпарат алып, алғашқы болып тест-драйвке қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Автобизнес саласын тұрақты дамыту мақсатында қазақстандық компания Чехияда «Astana Motors Czech» бөлімшесін құрып, елдің барлық аймақтарын қамтитын автосалондар дилерлік желісін іске қосты. Автомобиль жобасының ресми түрде іске қосылуы Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.