Туған жылы:
1970 жылы 8 наурыз.
Білімі:
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (1993), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясы (1996).
Шет тілдері:
Ағылшын және испан тілдерін меңгерген.
Отбасылық жағдайы:
Үйленген, 1 баласы бар.
1993-1994 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті;
1994 ж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқармасының референті, атташесі;
1994-1996 жж. - Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық Академиясының тыңдаушысы;
1996-1997 жж. - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі;
1997-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Үшінші департаменті Еуропа және Америка басқармасының екінші хатшысы;
1999-2003 жж. - Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы;
2003-2004 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры;
2004-2009 жж. - Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі;
2009-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары;
2012-2018 жж. - Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы;
2015-2018 жж. - Қазақстан Республикасының Андорра Княздігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;
2018-06.2023 жж. - Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2023 ж. маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.