Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Подгорица, 2025 жылғы 22 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногорияның Әділет министрі Боян Бозовичпен кездесу өткізді.

Тараптар құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ экстрадиция және өзара құқықтық көмек салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің уәкілетті органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік танытып, тиісті екіжақты келісімдер жобаларын қарастыруға уағдаласты.