Қазақстан мен Черногория арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Черногория арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастық

2025 жылғы 2 желтоқсанда Черногориядағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Ғабиден Темірбек «Эйр Астана» әуе компаниясының Еуропа өңірі бойынша бас менеджері Сусит Хеттихевамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Астана, Алматы және Подгорица қалалары арасындағы рейстердің оң серпіні мен 2026 жылға арналған ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы туристік байланыстарды нығайтуда әуе қатынасының маңыздылығын атап өтті.