Қызылорда мен Ножан-сюр-Марн қалалары арасындағы бауырластық қатынастардың даму болашағы талқыланды

Қызылорда мен Ножан-сюр-Марн қалалары арасындағы бауырластық қатынастардың даму болашағы талқыланды
Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Ножан-сюр-Марн қаласының мэрі Жак Мартэнмен кездесу өткізді.
Әңгіме барысында тараптар қос қаланың бауырластық байланыстарын кеңейту мәселелерін қарастырды. Мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ Қызылорданың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру жайы сөз болды.
 
Сондай-ақ, француз қоғамындағы қазақ диаспорасының мәдени өмірге белсенді араласуының маңызы ерекше атап өтілді.
Келіссөздердің нәтижесінде екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға және көрнекті қайраткер Мұстафа Шоқайдың мұрасын насихаттауға уағдаластық жасалды. Бұл мақсатта оның ескерткіші маңында естелік шаралар өткізу жоспарланып отыр.
 
Кездесуден кейін Елші Г. Арыстанқұлова мен қазақ диаспорасының өкілдері Мұстафа Шоқай тұрған үй жанындағы аттас саябаққа барып, рухына тағзым етті және ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.