Лувр мұражайының Ислам өнері департаментінің директорымен кездесу туралы

Лувр мұражайының Ислам өнері департаментінің директорымен кездесу туралы
Париж, 2025 жылғы 23 сәуір - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Лувр мұражайының Ислам өнері департаментінің директоры Сурая Нужаиммен кездесіп, мәдениет және өнер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. 
 
Сұхбат барысында Қазақстанның мәдени мұрасына қатысты мәселелері, сондай-ақ  Қазақстанның Ұлттық музейі мен Лувр мұражайы арасындағы бірлескен жобалар бойынша пікір алмасу өтті.
 
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасу және мұражай коллекцияларын зерделеу үшін сарапшылар мен мамандардың өзара сапарларын ұйымдастыруға, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық үшін ықтимал бағыттарды айқындауға келісті.