Ұлттық Ассамблеясының өкілдерімен кездесу туралы

Ұлттық Ассамблеясының өкілдерімен кездесу туралы

Париж, 2024 жылғы 28 наурыз - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Франция Ұлттық Ассамблеясының Халықаралық ішкі істер комитетінің төрағасы Жан-Луи Бурланж және Ұлттық Ассамблеяның Халықаралық ішкі істер жөніндегі комиссияның мүшесі, "Франция-Қазақстан" достық тобының мүшесі, депутат Лоранс Вишневскимен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында сұхбаттастар Қазақстан мен Франция арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың перспективаларын, екі мемлекет басшыларының бірлескен бастамасы шеңберінде алдағы «One Water Summit» саммитіне дайындық барысын, сондай-ақ француз көшбасшысы Э.Макронның 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген нәтижелерді талқылады.

Тараптар екі ел парламентшілерінің өзара сапарларын ұйымдастыру туралы, сондай-ақ парламентаралық саладағы әлеуетті жобаларды дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.