Францияның Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен кездесу туралы

Францияның Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен кездесу туралы

Париж, 2024 жылғы 21 наурыз - Қазақстанның Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Францияның Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді.  

Тараптар екі ел арасында қалыптасқан стратегиялық әріптестікті көші-қон, төтенше жағдайлар және қауіпсіздік салаларында дамыту бойынша келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, іскерлік ынтымақтастықты күшейту мен   мәдени-гуманитарлық пен туристік байланыстарды кеңейту үшін Қазақстан азаматтарының Францияға сапарларына қолайлы жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударды.

Кездесу нәтижесінде екі елдің құқық қорғау органдары арасында тығыз ықпалдастықты дамыту және талқыланған мәселелер бойынша тиісті уағдаластықтарды бекіту мақсатында жақын арада ресми делегациялар сапарларын ұйымдастыру ұйғарылды.