Окситания аймағындағы кездесу туралы

Окситания аймағындағы кездесу туралы

Францияның Окситания аймағына жұмыс сапары аясында Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Тарн департаментінің сенаторы Филипп Боннекаррермен және Жукевиль коммунасының мэрі Нелли Леблондпен кездесу өткізді.

Сұхбаттастар индустрия, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты қатынастарды жандандыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Окситания аймағының Тарн департаменті Францияның оңтүстігінде орналасқан, 1790 жылы Ұлы француз революциясы кезінде құрылған. Департаменттің батысында егістік дақылдары немесе аралас азық-түлікпен айналысатын фермалар басым, ал департаменттің шығысы мен оңтүстігінде мал шаруашылығы дамыған. Атап айтқанда, дәнді дақылдар (бидай, тритикале, жүгері), майлы дақылдар (рапс, күнбағыс) және ақуыз дақылдары (жоңышқа, соя) өсіріледі.