Мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастық туралы

Мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастық туралы

Қазақстан Елшілігінде "La Clé des Portes" музыкалық фестивалінің көркемдік режиссерлары А.Ансель және Л. Берлинскаямен, сондай-ақ "Le Petit Futé" туристік нұсқаулықтың ірі француз басылымының өкілі О.Марэнжбен кездесулер өтті. 

А.Ансель және Л.Берлинскаямен кездесу барысында мәдениет саласындағы бірлескен өзара іс-қимыл және Қазақстанның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. 

О.Марэнжбен Қазақстанға арналған арнайы басылымдарды жариялау арқылы Қазақстанның Франциядағы туристік әлеуетін одан әрі ілгерілету жөніндегі "Le Petit Futé" туристік басылыммен ынтымақтастықтың перспективалары қарастырылды.