Қазақстан Елшісінің кездесулері туралы

Қазақстан Елшісінің кездесулері туралы

Қазақстанның Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Ресейдегі және Өзбекстандағы аудиовизуалды мәселелер жөніндегі өңірлік өкілі Эммануэль Фосилон кинематография саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Тараптар Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылы Парижге ресми сапары барысында қол қойылған Қазақстан Ұлттық киносын қолдау мемлекеттік орталығы мен Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде өзара іс-қимылдың келешегін қарастырды. 

Кездесу барысында «4 Parallèles 12 Méridiens» компаниясының өкілдері Францияның туристік агенттіктерімен бірлесіп жаңа бағыттар мен маршруттар ашуды қоса алғанда, Қазақстанның туристік әлеуетін дамытуға қызығушылық білдірді.