Қазақстан мен Франция шахмат спортының дамуын қолдайды

Қазақстан мен Франция шахмат спортының дамуын қолдайды

Париж, 2023 жылғы 12 қаңтарҚазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Франция шахмат федерациясының президенті Элуа Реланжмен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында Елші бүгінгі таңда Қазақстанда шахмат спорты өскелең ұрпақ арасында өте танымал болып келе жатқанын және мемлекеттің кең қолдауына ие екенін атап өтті. Бұл зияткерлік спорт Қазақстанның әлемнің жетекші шахмат державаларымен екіжақты қарым-қатынасын нығайтуға өз үлесін қосуда.

Өз кезегінде Э.Реланж елімізді 2022 жылдың желтоқсанында Алматыда шахматтың рапид пен блиц түрінен Әлем чемпионатының сәтті өтуімен құттықтады. Жарысқа 46 елдің үздік шахматшылары, соның ішінде Францияның ең мықты шахматшысы Максим Вашье-Лаграв қатысты.
Федерация басшысы Францияда оның ішінде балалар мен оқушылар арасында шахматтың дамуы туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, Қазақстан шахмат федерациясымен тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екендігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-шараларды, оның ішінде екі елдің кәсіби спортшылары мен әуесқой шахматшылары арасында жолдастық кездесулерді ұйымдастыру жөнінде уағдаласты.

Франция шахмат федерациясы (FFE) 1921 жылы құрылды. FFE Халықаралық шахмат федерациясының құрамына кіретін 56 000-нан астам оқушы кіреді. Федерация жыл сайын көптеген санаттар бойынша Франция чемпионаттарын ұйымдастырады.