Қазақстан ЮНЕСКО штаб-пәтерінде елдегі материалдық емес мәдени мұраны насихаттау жөніндегі жоспарларымен бөлісті

Қазақстан ЮНЕСКО штаб-пәтерінде елдегі материалдық емес мәдени мұраны насихаттау жөніндегі жоспарларымен бөлісті

 

Париж, 2022 жылғы 5 шілде – Елші Жан Ғалиев бастаған ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшелері және ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің дипломаттарынан тұратын қазақстандық делегациясы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы 2003 жылғы Конвенция (МЕММ) тараптары-мемлекеттері Бас Ассамблеясының 9-шы сессиясына қатысуда.

Бас Ассамблеяның алдында сөйлеген сөзінде Елші Ж.Ғалиев келесіні атап өтті: «Қазақстан үшін ЮНЕСКО-мен өткен 30 жыл жемісті ынтымақтастық еліміздің жалпыадамзаттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесінің ұмытылған аспектілерін өзіне және бүкіл әлемге ашуға мүмкіндік берді. Мәдени және табиғи мұраның ғаламдық өкілдік тізімдері мұны айқын көрсетеді. Алайда, 2003 жылғы Конвенция жалпы адамзаттық мәдени мұрадағы көшпенділер мәдениетіне өзгеше мағына берді. Бұған басқа белгілі мәдени-құқықтық тетіктер арқылы қол жеткізу мүмкін емес еді. Сондықтан Қазақстан Конвенцияны іске асыруға белсенді қатысуды жалғастырады және біздің жобаларымызға қызығушылық танытқан барлық елдермен ынтымақтастық үшін ашық болады».

Іс-шара шеңберінде қазақстандық делегация талқылауларға белсенді қатысқан Конвенция тараптары-мемлекеттер Конвенцияға түзетулерді талқылайды және бекітеді. Сондай-ақ, Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитеттің және Конвенция Хатшылығының жұмысы туралы баяндамалар ұсынылатын болады.

Бас Ассамблея жұмысының маңызды құрамдас бөлігі Үкіметаралық комитеттің жаңа мүшелерін сайлау болып табылады. Сонымен бірге, сессия барысында Ангола мен Сомали сәйкесінше 2003 жылғы Конвенцияға қосылған 179 және 180-ші мемлекеттер болды деп жарияланды.

Бас Ассамблеяның осы сессиясында Қазақстан МЕММ Үкіметаралық комитетінің мүшесі ретіндегі мандатын аяқтайды. 2018 жылғы маусымда Конвенция тараптары-мемлекеттері Бас Ассамблеясының 7-ші сессиясында біздің еліміз 2022 жылға дейінгі кезеңге ЮНЕСКО-ның негізгі органдарының бірі – МЕММ Үкіметаралық комитетінің мүшесі болып сайланғанын еске салған жөн, бұл Комитеттің алаңын тәжірибе алмасу және осы саладағы қазақстандық сарапшылардың біліктілігін одан әрі арттыру үшін пайдалануға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда ЮНЕСКО МЕММ Репрезентативтік тізіміне Қазақстанның қатысуымен 11 номинация енгізілді.