Білімді трансформациялау: Қазақстан ЮНЕСКО штаб-пәтерінде ұлттық консультациялардың нәтижелерін ұсынды

Білімді трансформациялау: Қазақстан ЮНЕСКО штаб-пәтерінде ұлттық консультациялардың нәтижелерін ұсынды

Париж, 2022 жылғы 30 маусым – 29-30 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиевпен бірге және ЮНЕСКО жанындағы елдің Тұрақты өкілдігінің дипломаттары Білімді трансформациялау (Transforming Education Pre-Summit) жөніндегі алдын ала саммитіне қатысты.

Іс-шараның шеңберінде 150-ден астам елдің білім министрлері, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері білімді трансформациялау жоспарларына қатысты ақпарат алмасатын тақырыптық бағыттар бойынша техникалық кеңестер өткізілді.

Министрлер панельдік сессия барысында сөйлеген сөзінде
вице-министр Қ.Ерғалиев келесіні мәлімдеді: «Қазіргі заманғы сын-қатерлер жоғары білім беру стратегиясына әсер етеді. Сол себептен таяу кезеңдегі жоғары білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі ол: кадрларды озық даярлауды, жоғары білімнің жаппай және қол жетімділігін, цифрландыру, өмір бойы оқытуды, жоғары оқу орындарының дербестігі, жоғары білімнің өзін-өзі реттеуі, еркін білім беру аймағын құруды қамтитын жүйе болып табылады. Жоғары білімнің жаһандық шеңбері ұлттық мүдделер үшін икемді болуы керек. Академиялық алаңның шекарасын аша отырып, біз отандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасаймыз. Жоғары білімнің трансұлттық аясын кеңейту кадрлар даярлаудың икемді білім беру траекторияларын қалыптастыруға және білім туралы құжаттарды тануға ықпал етеді».

Алдын ала Саммиттің аясында қазақстандық делегацияның ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің төрағасы Тамара Растовак-Сиамашвилимен, ЮНЕСКО Бас директорының Білім мәселелері жөніндегі орынбасары Стефания Джаннинимен, бірқатар елдердің білім министрлерімен жеке кездесулері өтті.

Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің арнайы шақырылған қонағы осы іс-шарада «ерекше» болып туған Бекнұр Жәнібекұлы болды, онда тақырыптардың бірі балаларға инклюзивті білім беру болған ол өзінің көңілділігімен және оқуға деген зор ықыласымен форумның көптеген делегаттарын таң қалдырды. Бекнұр өзінің тәжірибесімен бұл қарапайым сөздер емес, шындық екенін дәлелдеді. Мұндай жас кезінде ол ағылшын және француз тілдерін жетік меңгерген, орта мектепте оқиды және ән айтуды жақсы көреді. Көпшілікке ол 2021 жылы Парижде өткен балалар Евровидениеге қатысқаны үшін танымал. Тоғыз жасар қазақстандық қарапайым LEGO конструкторынан жиналған әлемдегі ең кішкентай функционалды протезге ие.

Алдын ала Саммиттің шеңберінде LEGO Қорының Бас директоры                   А.-Б. Альбрехтсен білімді трансформациялау мәселелерін талқылау үшін жеке сектор өкілдері қатысқан дөңгелек үстелдің модераторы болғанын атап өту қажет.

Анықтама: Алдын ала Саммит 2022 жылғы 19 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы шеңберінде өтетін Білімді трансформациялау жөніндегі жаһандық саммитке дайындықтың кезекті қадамы болып табылады. Саммит Төртінші Орнықты даму мақсатына (сапалы білім беру) қол жеткізу үшін білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жаһандық тетігі Жол картасының негізгі іс-шарасы болып табылады.