ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының ғаламдық желісі Қазақстанның екі табиғи саябағымен толықтырылды

ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының ғаламдық желісі Қазақстанның екі табиғи саябағымен толықтырылды

Париж, 2022 жылғы 15 маусым – 13-17 маусым аралығында өтіп жатқан «Адам және биосфера» ЮНЕСКО бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің (MAБ-ХҮК) 34-ші сессиясы шеңберінде «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (Ақмола облысы) және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы (Шығыс Қазақстан облысы) ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының жаһандық желісіне қосу туралы шешім қабылданды.

Сессия жұмысына Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Әлия Байсабаева, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің дипломаттары, МАБ Қазақстандық Ұлттық комитетінің төрағасы Роман Ященко, сондай-ақ МАБ Қазақстандық ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Виктория Ильина қатысты.

Халықаралық сараптамалық кеңесі МАБ Қазақстандық ұлттық комитеті ұсынған құжаттарын зерделеп, ұсынылған объектілердің «Адам және биосфера» ЮНЕСКО бағдарламасының өлшемдеріне сәйкестігін бағалай отырып, аталмыш шешімді қабылдады.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының ұлттық желісінде 15 объектісі тіркелген. Орталық Азия елдерінде биосфералық қорықтарының бұл саны ең көп болып табылады. Әрине, бұл әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға деген ұмтылысына ерекше назар аударатындығын көрсетеді.

«Адам және биосфера» ЮНЕСКО бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің 34-ші сессиясының қорытындысы бойынша ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының Дүниежүзілік желісіне әртүрлі елдердің аумағында орналасқан, олардың бірі трансшекаралық болып табылатын 11 жаңа биосфералық резерваты қосылды. Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның бұл тізімінде әлемнің 131 елінің аумағында орналасқан 738 биосфералық резерваттары бар.