Францияда «Бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық диалогы» тақырыбында халықаралық конференция өтті

Францияда «Бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық диалогы» тақырыбында халықаралық конференция өтті

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі қарсаңында Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының қолдауымен «Бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық диалогы» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығы Төрағасының орынбасары Ақан Рахметуллин, Н.Назарбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев, ЮНЕСКО Хатшылығының Мәдениетаралық диалог бөлімінің бағдарламалық маманы Джойс Монтейро, Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің өкілі Тьерри Морель, Страсбург Университетінің Президенті Мишель Денекен, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Марек Халтер, сондай-ақ діни, академиялық, дипломатиялық орта мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция қатысушыларына Қазақстанның Француз Республикасындағы Елшісі Жан Ғалиев құттықтау сөз сөйледі. «Көпұлтты және көпконфессиялы қоғам бола отырып, күрделі геосаяси ортада бола отырып, Қазақстан болып жатқан процестердің сыртқы бақылаушысы бола алмады, сондықтан әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыру туралы ауқымды бастаманың туындауына ықпал еткен нақты іс - қимылдарды қабылдауға кірісті», - деді Елші.

Министрдің Бірінші орынбасары А.Рахметуллин өзінің бейне үндеуінде халықаралық конференцияға белсенді қатысқаны және қолдағаны үшін француз тарапына алғысын білдірді. Сонымен қатар, ол діни лидерлер Съезд алаңын пайдалана отырып, белсенді ұстанымға ие болып, пандемиядан кейінгі кезеңде қазіргі заманғы рухани проблемаларды шешуде көзқарастардың бірлігін көрсетуі тиіс екенін атап өтті. Қазақстан алдағы Съезд кезекті рет өзекті сын-тегеуріндерді талқылау, сондай-ақ жаңа болмыс жағдайында одан арғы іс-қимылдардың бірыңғай тұғырын айқындау орнына айналады деп үміттенеді.

Өз кезегінде, Н.Назарбаев орталық басқармасының төрағасы Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл ретінде қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіптердің ушығуы аясында өзінің өзектілігі мен қажеттілігін көрсететін Съездің тарихы мен миссиясы туралы айтып берді.

ЮНЕСКО өкілі Д.Монтейро Қазақстанның мәдениетаралық диалогты ілгерілетудегі рөлін, атап айтқанда, оның БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдаған мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығын жариялау жөніндегі бастамасын атап өтті. Оның пікірінше, Халықаралық онжылдық бір мезгілде адам құқықтары мен мәдени сан алуандықты құрметтеуді көтермелеудің және мәдениетаралық және дінаралық диалогтың маңыздылығын танудың артықшылықтарын көрсетті, сол арқылы елдер мен халықтар арасындағы байланысты нығайтты.

Қазақстандық бастаманың маңыздылығы мен бірегейлігін алдағы Съездің делегаттары М.Халтер мен М.Денекен, сондай-ақ Апостолдық Нунцийі С.Мильоре, әл-Нұр мешітінің имамы Х.Шалгуми, Еуропалық еврейлердің қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Раввині Л.Матусоф, Франция буддистер одағының тең төрағасы А.Бусмарт, Елші, Сауд Арабиясының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Ханшайым Х.Әл-Могрин және т.б. атап өтті.

Конфессияаралық тұрақтылықты қалыптастырудағы білімнің рөлі барлық айтылған сөздермен ерекшеленді. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар діни көзқарастарды, руханият пен тұлғаның адамгершілік қағидаттарын қалыптастыруда әлеуметтік желілерді реттеудің маңыздылығын атап өтті.

Конференцияда сондай-ақ конфессияаралық және өркениетаралық диалогты халықаралық деңгейде ілгерілетудің, әсіресе пандемия зардаптарын еңсеру үшін бірлескен күш-жігер жұмсау, сондай-ақ бейбітшілік пен өзара түсіністік үшін этносаралық және дінаралық келісімді талап ететін өңірлік қақтығыстарды шешу тұрғысынан маңыздылығын атап өтті.