Республикалық референдум өткiзу туралы

Республикалық референдум өткiзу туралы

Құрметті отандастар!

2022 жылғы 5 маусымда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі жанындағы
№ 246 дауыс беруге арналған учаскеде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Сайлау учаскенің мекенжайы: 59, rue Pierre Charron 75008 Paris.

Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2022 ж. 5 мамырда қол қойды.

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Ата заңға өзгерістер жобасын дайындау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған белгілі құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар және құзырлы органдардың өкілдері кірді.

Барлық өзгерістер мен толықтырулар егжей-тегжейлі қаралғаннан кейін жоба Конституциялық кеңеске жолданды. Құжат жобасы Конституция нормаларына сай келеді деп қорытынды берілді.

Бұл өзгерістер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені республикалық референдумға шығаруды ұсынды – еліміз үшін мұндай маңызды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

Құрметті азаматтар!

Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін Франция және Монако аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) referendum2022paris@gmail.com электрондық мекенжайға «Референдум-2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының веб-сайтында табуға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз:

+33 1 45 61 52 02;

+33 6 38 17 41 65;

+33 1 45 61 37 34.