Францияда Еуропаны азат еткен қазақстандық жауынгерлерді еске алды

Францияда Еуропаны азат еткен қазақстандық жауынгерлерді еске алды

2022 жылғы 25 сәуір, Мерт және Мозель - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында, Қазақстанның Страсбург қаласындағы Бас консулы Әнуарбек Ахметовпен және Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі жанындағы әскери атташе аппаратымен бірлесіп, 1943-1944 жылдары Валлеруа коммунасында (Мерт және Мозель департаменті, Үлкен Шығыс өңірі) гитлерлік нацисттердің қолынан қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алдық.

Бір минуттық үнсіздік кезінде әлемде бұдан былай соғыс болмасын деген ойымыз ғана болды.

Біз 2021 жылы Еуропаны азат еткен қаһармандардың құрметіне осында отырғызған алма ағашы бүгін гүлдеп, жарқын болашаққа деген үмітті білдіреді.