Қызылорда облыстық филармониясының концерті туралы

Қызылорда облыстық филармониясының концерті туралы

Париж, 2026 жылғы 23 мамыр - Қазақстанның Франциядағы Елшілігі Қызылорда Облысының әкімдігінің, "Sumbe" компаниясының қолдауымен Париждегі беделді дипломатиялық залдардың бірі - Cercle de l'Union Interalliée ғимаратында Қызылорда облыстық филармониясының концертін ұйымдастырды.

Іс-шара Еуропадағы отандастар мен қандастардың кездесуінің жалғасы болды. 

Қазақ музыкалық мұрасының үздік үлгілерін қамтыған бағдарлама ұсынылды. Филармония әртістері белгілі қазақ күйлерін, халық әндерін, сондай-ақ жыршы-жырау жанрындағы туындыларды орындады.

«Ай-Ару» би ансамблінің қазақ халық хореографиясының сұлулығын айшықтай ашқан өнері көрермендерге ерекше әсер қалдырды.