
Париж, 2026 жылғы 1 сәуір - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Франция Республикасының Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссиясының делегациясымен кездесу өткізді. Кездесу олардың Қазақстанға жоспарланған сапарына дайындық аясында ұйымдастырылды.
Сұхбат барысында тараптар қазақ-француз күшейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету жағдайы мен перспективаларын қарастырды. Сенаторлар Қазақстандағы саяси реформалар мен референдум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституцияға қызығушылық танытты.
Қазақстандық Елші конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндіріп, жаңа Конституция саяси жүйені трансформациялаудың және экономиканы, қоғамды әрі қарай жаңғыртудың негізін қалайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени салалардағы практикалық өзара әрекеттестікті арттыруға өзара қызығушылық танытты. Кездесу соңында тараптар белсенді диалогты, соның ішінде парламентаралық деңгейде, жалғастыру және Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту ниеттерін растады.