MEDEF-те ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

MEDEF-те ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Париж, 2026 жылғы 24 ақпан - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. Бердалиннің Францияға жұмыс сапары аясында Француз кәсіпорындарының одағы MEDEF International-де екі ел арасындағы ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Алғы сөзінде MEDEF International-дың вице-президенті, аграрлық-азық-түлік кластерінің төрағасының орынбасары Кристиан Леру агроөнеркәсіптік кешендегі қазақ-француз қазақ-француз қатынастарының белсенді даму динамикасын атап өтті.

А. Бердалин өз сөзінде Қазақстан мен Францияны дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, агроөнеркәсіптік саладағы әріптестікті кеңейтуге, соның ішінде АӨК өнімдерінің өзара саудасын ұлғайтуға елеулі әлеует бар екенін жеткізді.

Вице-министр саланың өнімділігін, инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы хабардар етті. Сонымен қатар Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін жаһандық тұрақтылыққа қосқан үлес ретінде қарастырыны және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екені атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар мал шаруашылығы, ветеринария, тұқым шаруашылығы, қайта өңдеу және заманауи агротехнологияларды енгізу бағыттарында жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша АӨК өнімдерінің тауар айналымы 103,2 млн АҚШ долларын құрап, оң серпін көрсетті.

Қазақстандық делегация құрамына «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Б. Асанов, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ректоры А. Наметов, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ректоры К. Тіреуов кірді.