
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтарға цифрлық сәйкестендіруді алу және Қазақстан Республикасының бірқатар цифрлық және қаржылық сервистеріне қол жеткізу мүмкіндігін беретін «Қазақстан Республикасының e-Residency» мемлекеттік цифрлық жобасы іске қосылды.
«e-Residency» бағдарламасы Қазақстанда ресми цифрлық мәртебе алуға және мемлекеттік әрі коммерциялық онлайн-қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
«e-Residency» мүмкіндіктеріне мыналар кіреді:
электрондық цифрлық қолтаңбаны ресімдеу;
«e-Residency» рәсімдеу үдерісі өтінім беруді және тұлғаны верификациялауды қоса алғанда, толықтай онлайн форматта жүзеге асырылады.
Бағдарлама туралы толық ақпарат және өтінім беру тәртібі жобаның ресми сайтында қолжетімді:
🔗 https://eresidency.gov.kz/en