
Париж, 2026 жылғы 19 қаңтар - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Француз институтының президенті Ева Нгуен Бинмен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында мәдениет пен өнер саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени диалогты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
Тараптар өзара іс-қимылдың әлеуетін атап өтіп, басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту ниетін білдірді.
Француз институты (Institut français) – Францияның Сыртқы істер және Мәдениет министрліктеріне бірдей қарасты, француз тілі мен мәдениетін шетелде ілгерілетуге, сондай-ақ халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамытуға жауапты мемлекеттік мекеме.