Әділет министрінің еуропалық және халықаралық істер жөніндегі дипломатиялық кеңесшісімен кездесуі

Әділет министрінің еуропалық және халықаралық істер жөніндегі дипломатиялық кеңесшісімен кездесуі

Париж, 2026 жылғы 16 қаңтар - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Франция Әділет министрінің еуропалық және халықаралық істер жөніндегі дипломатиялық кеңесшісі Анн-Лиз Багрельмен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты қатынастардың оң серпінін атап өтіп, құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Сұхбат соңында өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша диалогты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.