
Париж, 2026 жылғы 15 қаңтар - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гульсара Арыстанқұлова француз сенаторы, халықаралық істер, қорғаныс мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Валери Буайемен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстанның қазіргі сыртқы саясаты, әлеуметтік-экономикалық даму үдерістері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, консулдық-құқықтық саладағы қазақ-француз ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.
Сұхбаттастар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мақсатында өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша диалогты жалғастыруға уағдаласты.