Франция Мәдениет министрінің дипломатиялық кеңесшісімен кездесу туралы

Франция Мәдениет министрінің дипломатиялық кеңесшісімен кездесу туралы
Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Франция Мәдениет министрінің дипломатиялық кеңесшісі Юбер Тарди-Жубермен кездесу өткізді. 
 
Тараптар мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, атап айтқанда, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады. Сонымен қатар музей саласындағы кадрларды кәсіби даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
 
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытты.