Almaty Youth Jazz Band ансамблінің концерті өтті

Almaty Youth Jazz Band ансамблінің концерті өтті

Париж, 2025 жылғы 9 желтоқсан - Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және «Франциядағы Қазақстан күзі» мәдени маусымының жабылуына орай, Қазақстанның Париждегі Елшілігінде Тагир Зариповтың жетекшілігімен Almaty Youth Jazz Band ансамблінің концерті өтті. 

"Salut, Paris!" бағдарламасын ұсынған ұжым Абай Құнанбайұлының джаз үлгісіндегі шығармаларын, авторлық туындыларын және джаз классиктерін орындады.

Француз композиторы Франсуа Жаноның қатысуы концерттің ерекше сәттерінің бірі болды. Almaty Youth Jazz Band-пен бірге бірқатар джаз туындылары, сондай-ақ осы алматылық ұжым үшін арнайы жазылған композициялар орындалды.

Ансамбль ү.ж. 12–13 желтоқсанда өтетін Бове қаласындағы алғашқы халықаралық джаз фестиваліне қатысады.