Монако Князі Өңірлік климаттық саммитке шақырылды

Монако Князі Өңірлік климаттық саммитке шақырылды
Монако, 2025 жылғы 18-19 қараша - Монакоға жұмыс сапары аясында Қазақстанның Франциядағы және Монакодағы қоса атқарушы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Князь II Альбертің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Ж. Донати Аллеграмен, сондай-ақ Үкімет кеңесшісі – Сыртқы байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі министрі И. Берро-Амадеймен келіссөздер жүргізді.
 
Кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылы Астанада өтетін Өңірлік климаттық саммитке қатысу үшін Князь II Альбертке арналған ресми шақыруын тапсырды.
 
Сонымен қатар экономика, экология, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екі елдің одан әрі өзара іс-қимылы қарастырылды.
 
Тараптар келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Монаконың өзара серіктестігін кеңейту мен нығайтуға ортақ ниеттерін білдірді.