Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Ғ. Қамбарбекованың дәрісі өтті

Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Ғ. Қамбарбекованың дәрісі өтті
Париж, 2025 жылғы 4 шілде - Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, иранист Ғалия Қамбарбекованың «Франция Ұлттық кітапханасында сақталған XIII–XIX ғасырлардағы парсы және шағатай қолжазбаларындағы Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті» тақырыбында дәрісі өтті.
 
Қазіргі уақытта Ғ. Қамбарбекова «Болашақ» бағдарламасы аясындағы «500 ғалым» жобасы бойынша Франция Ұлттық кітапханасында тағылымдамадан өтуде. Оның ғылыми зерттеуі орта ғасырлардағы Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдениетіне қатысты парсы және түркі тілдеріндегі дереккөздерді талдауға арналған.
 
Өз баяндамасында профессор Франция Ұлттық кітапханасында жүргізілген парсы және шағатай қолжазбаларына талдау нәтижелерін, сондай-ақ Орталық Азияға арналған француз авторларының еңбектеріне қатысты зерттеулерінің қорытындыларын ұсынды.
 
Іс-шара Қазақстанның ғылыми жетістіктерін насихаттауға, Франциямен академиялық байланысты нығайтуға және Франция Ұлттық кітапханасында сақталған сирек қолжазбалар арқылы Орталық Азия мен Қазақстан тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінуге ықпал етті.
 
Қазақстанның Франциядағы Елшілігі Ғалия Қамбарбековаға мазмұнды баяндамасы үшін, сондай-ақ барлық қатысушыларға белсенді атсалысқандары үшін алғыс білдіреді. Бұл дәріс — Қазақстан ғылымын халықаралық аренада ілгерілету және екі ел арасындағы мәдени диалогты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.