Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған делегациямен кездесу

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған делегациямен кездесу

Париж, 2025 жылғы 22 мамыр — Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі, Төраға орынбасары Марат Азильхановпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елші Ассамблеяның елдегі ұлтаралық келісім, бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Үш онжылдық ішінде ҚХА түрлі этностар арасындағы өзара диалог пен ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде танылды. Бұл платформа мәдени мұраны сақтауға және ұлттық бірлікті нығайтуға зор үлес қосты.
Өз кезегінде, М.Азильханов Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің екі ел арасындағы достық қатынастарды дамыту мен нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Ол сондай-ақ, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудегі дипломатиялық миссияның үлесіне тоқталды.

Делегация құрамына Қазақстандағы түрлі этностық қауымдастықтардың өкілдері — ұйғыр, татар, орыс, дүнген, корей және африкалық қауымдастық атынан ҚХА мүшесі Данлади-Бвай Даниэль Джеймс енді.
Сонымен қатар, кездесуге Қазақстан тарихы мен мәдениетіне ерекше қызығушылық танытып жүрген Францияның Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығының ғалымдары Изабель Оайон мен Жюльен Торез қатысты. Олар ҚХА-ның ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлін атап өтіп, еліміздің мәдени және тарихи мұрасымен тереңірек танысу үшін Қазақстанға сапармен келуге шақырылды.

Іс-шара аясында қатысушылар ҚХА-ның Достық елшісі Малгожата Оборон-Туарды «Достық» орденімен марапатталуымен құттықтап, оның халықаралық мәдени диалогты дамыту мен екі ел арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Кездесу соңында ҚХА-ның болашақ даму келешегі мен оның халықаралық бастамаларын кеңейту мәселелері талқыланды.