Оттава, 2023 жылғы 27 қараша — Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәулетбек Құсайыновтың Канаданың Халықаралық даму министрі Ахмед Хуссейнмен кездесу өтті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы мәселелер талқыланды.
Елші Д. Құсайынов сұхбаттасу кезінде Қазақстандағы ағымдағы жағдайды, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылай отырып, тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы тауар айналымы көлемінің өскенін қанағаттанушылықпен атап өтті. Мәселен, 2022 жылы тауар айналымы 838,6 млн АҚШ долларға жетті (экспорт: $680,1 млн, импорт – $158,5 млн). Бұл соңғы 10 жылдың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.
Сұхбаттасушылар халықаралық даму мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, канадалық тарап «KazAID» дамуға ресми көмек ұлттық агенттігінің құрылуын жоғары бағалады.
Министр А. Хусcейн адами капиталды дамыту, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесін жақсарту, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған Орталық Азиядағы ДРК бірлескен жобаларын іске асыруға қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы екіжақты және халықаралық мәселелердің барлық спектрі, оның ішінде ДРК саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.