Торонто қ., 2023 жылғы 1-2 қараша – Онтарио Сауда палатасының президенті Р.Россидің шақыруымен Қазақстан Республикасының Елшісі Д.Құсайынов Экономикалық саммитінің жұмысына қатысты.
Аталған іс-шара Онтариодағы жылдың басты экономикалық оқиғасы болып табылады, оның барысында федералды үкімет, провинциялық билік, бизнес басшылары мен жетекші экономистер аймақтың одан әрі даму перспективаларын талқылайды.
Саммиттің ашылуында Канаданың Премьер-министрі Дж.Трюдо, Онтарио провинциясының Премьер-министрі Д.Форд, сондай-ақ экономикалық блоктың бірқатар министрлері сөз сөйледі. Панельдік сессияларға спикер ретінде Торонто қаласының мэрі О.Чоу және канадалық «Bombardier» и «Royal Bank of Canada» компанияларының бірінші басшылары қатысты.
Іс-шара аясында Қазақстан Елшісі Онтарио провинциясының Тау-кен өнеркәсібі министрі Дж.Пиримен, Онтарио Сауда палатасының қазіргі және болашақтағы басшылығымен, сондай-ақ бірқатар канадалық компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді.
Түрлі мәселелер бойынша, атап айтқанда 2024 жылғы наурызда Торонтода өтетін Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің келесі отырысына дайындық мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ, Елші канадалық бизнес өкілдерін келесі жылдың маусым айында Қазақстанның астанасында өтетін Халықаралық Астана форумына қатысуға шақырды.
Анықтама: Онтарио провинциясының Сауда Палатасы Канададағы 60 мыңнан астам мүшесі бар ең ірі бизнес қауымдастығы болып табылады.