Қазақстан Елшісі Канада Генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Канада Генерал-губернаторына  сенім грамоталарын тапсырды

          Оттава қ. 2023 жылғы 13 қазан – Қазақстан Елшісі Дәулетбек Құсайынов «Rideau Hall» резиденциясында Канаданың Генерал-губернаторы Мэри Саймонға сенім грамоталарын тапсырды.

          Салтанатты рәсім барысында ҚР жаңадан тағайындалған Елшісі Астана мен Оттава арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және тереңдетуге дайын екенін жеткізіп, көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.

          Өз кезегінде Канада Генерал-губернаторы қазақстандық дипломатқа екі ел халықтарының игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.

          2023 ж. сәуірде Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 31 жыл толуын атап өтті.