Канададағы қазақстандықтар «Әділ Қазақстанды» қолдауда

Канададағы қазақстандықтар «Әділ Қазақстанды» қолдауда

 

Торонто, 2022 ж. 22 желтоқсан – Қазақ мәдениеті орталығында Қазақстан Елшісі А.Камалдиновтің Канададағы қазақ диаспорасының белсенділерімен кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау қорытындылары және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың кең ауқымды реформаларын іске асыру, сондай-ақ Елшілік жұмысының басым бағыттары туралы, оның ішінде шетелдегі қандастарды қолдау мәселелері арқау болды.

Өз сөзінде ҚР-дың Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов қатысушыларды мерзімінен бұрын президенттік сайлаудың қорытындылары және Президент Қ.Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: барлығына және әркімге. Қазір және мәңгі» сайлау алдындағы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының негізгі басымдықтары туралы хабардар етті.

Қазақ диаспорасы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды қолдап, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және халықаралық аренада елдің беделін нығайтуға өз үлесін қосуға дайын екендігін білдірді.

Диаспора өкілдері қазақ мәдениеті орталығына Мұхтар Әуезовтің «Америка әсерлері» кітабын және Дінмұхамед Қонаев туралы альбом кітабын сыйға тартып, Торонто қ. Қазақ әдебиеті кітапханасын құруды бастады.