Канадада «Жаңа Қазақстанды» құру үшін ауқымды реформаларды қолдайды

Канадада «Жаңа Қазақстанды» құру үшін  ауқымды реформаларды қолдайды

ОТТАВА, 2022 жылғы 18 мамыр - Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған іс-шаралар топтамасы шеңберінде
ҚР-Канада Парламентаралық ынтымақтастық тобы мүшелерінің, болу елінің саяси және ғылыми-зерттеу топтарының қатысуымен дипломатиялық қабылдау өтті.

ҚР Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов өз сөзінде 1992 жылы қарым-қатынас орнағаннан бері екі мемлекет саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда достық және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат іс-шараға қатысушыларды еліміздің саяси жүйесін жаңғырту бойынша жан-жақты қамтитын реформалар пакетімен және «Жаңа Қазақстанды» құру шеңберіндегі ауқымды өзгерістер бағдарламасымен таныстырды. Ол ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастамашы болған іргелі саяси өзгерістерді, әлеуметтік-экономикалық реформаларды және а.ж. 5 маусымда Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша жалпыұлттық референдумды егжей-тегжейлі сипаттады.

Өз кезегінде іс-шараға қатысушылар Қазақстанды одан әрі демократияландыру бағытының жалғасы болып табылатын жаңа саяси бағдарламаға қолдау білдірді. ҚР-Канада Парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелері біздің елімізде басқару институттарын жаңғыртуға, саяси бәсекелестікті арттыруға және «Екінші республиканы» құруға бағытталған кең ауқымды реформалардың өзектілігі мен уақтылығын атап өтті.

Жалпы, іс-шара қабылдаушы елдің саяси, парламенттік және ғылыми-зерттеу топтарының біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен өзгерістерге айтарлықтай қызығушылығын көрсетті.