2022 ж. 5 маусымда Республикалық референдум туралы

2022 ж. 5 маусымда Республикалық референдум туралы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өтеді  (https://www.akorda.kz/ru/o-provedenii-5-iyunya-2022-goda-respublikanskogo-referenduma-545131), онда бұқаралық ақпарат құралдарында 2022 жылғы
6 мамырда жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  жобасында жазылған  Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?»
деген сұрақпен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шығарылады.   

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мына сілтеме бойынша орналастырылған   https://kazpravda.kz/n/proekt-zakon-rk-o-vnesenii-izmeneniy-i-dopolneniy-v-konstitutsiyu-respubliki-kazahstan/ .

Қазақстанның 18 жасқа толған әрбір азаматы референдумға қатысу құқығына ие. Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде сіздің деректеріңіздің болуы осы құқықты іске асырудың кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі жанындағы №279 сайлау учаскесінде
(Оттава қ.) референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне Канада аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Қазақстан азаматтарынан өз деректерін (Т. А. Ә., туған күні, ЖСН, тұрғылықты жерінің мекенжайы, байланыс деректері) Сіздің референдумға қатысуыңыз жоспарланып отырған жерге байланысты келесі электрондық мекенжайлардың біріне алдын ала жолдауды сұраймыз:

- Оттава қаласындағы ҚР Елшілігі: consul.ottawa@mfa.kz және consul.ottawa@gmail.com «Референдум-2022» белгісімен, немесе

- ҚР Торонто қаласындағы Консулдығы: consul.toronto@mfa.kz, "Референдум-2022"белгісімен.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

Оттава қаласындағы ҚР Елшілігі: + 1-613-695-80-55 (іш. 230).

ҚР Торонто қаласындағы Консулдығы: +1-416-221-0111.