Канада Парламентінің Қауымдар Палатасында Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы атап өтілді

Канада Парламентінің Қауымдар Палатасында Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы  атап өтілді

ОТТАВА, 2022 жылғы 5 мамыр - Канада Парламентінің депутаты және
ҚР - Канада Парламентаралық ынтымақтастық тобының тең төрағасы Шавкат Әли
Канада Парламентінің Қауымдар Палатасында Қазақстан Республикасы мен
Канада арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына
орай мәлімдеме жасады.

Өз мәлімдемесінде канадалық депутат Қазақстан Канада сияқты көпэтносты
және көпконфессиялы мемлекет болып табылатынын атап өтіп, екі елдің бай
табиғи ресурстарының, ұлттық экономикалар құрылымының, климаттық
жағдайлары мен ландшафттарының ұқсастығын атап өтті.

Ш.Әли канадалық парламентшілерді Қазақстанның Канаданың Орталық
Азиядағы ең ірі сауда серіктесі және ықпалды өңірлік ойыншы болып
табылатыны туралы хабардар етті. Канадалық депутат біздің елдеріміз БҰҰ,
ЕҚЫҰ және басқа да форумдар сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде
көпжақты ынтымақтастықты табысты дамытып отырғанын атап өтті.

Ол «Жаңа Қазақстанды» құру мақсатында елімізбен ауқымды әлеуметтік-
саяси және демократиялық қайта құрулар өткізуін Канада құптайтынын атап өтті.
Ш.Әли канадалық билік ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп
жатқан және Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа
Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы аясында бастамашылық
жасалған саяси және экономикалық реформалар бағытына берік қолдау білдіріп
отырғанын атап өтті.

Сөз соңында Ш. Әли канадалық билікті Қазақстанмен өзара тиімді екіжақты
және көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды.

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы мен Канада
арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.
Дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын ақпараттық-имидждік
сүйемелеу аясында ҚР Елшілігі бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.