2022 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 30 жыл толуда

2022 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 30 жыл толуда

30 жыл бұрын Қазақстан мен Канада арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылып, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы достық және өзара тиімді ынтымақтастығы нығайып келеді. Екі елдің географиялық және климаттық жағдайлары ұқсас, екі елде ауқымды энергетикалық ресурс қорлары бар, сондай-ақ халықтарымыз көпұлтты.

Қазақстанның Оттава қаласындағы Елшілігі 2008 жылы ашылған. 2018 жылдан бастап Қазақстанның Канададағы Елші қызметін Ақылбек Камалдинов атқарады. Торонтода Қазақстанның Консулдығы жұмыс естейді. Канаданың Торонто, Монреаль, Ванкувер, Оттава секілді ірі қалаларында қазақстандық студенттер қауымдастықтары мен диаспора бірлестіктері бар.

Канаданың Қазақстандағы Елшілігі 1995 жылы ашылған және бүгінгі күнде Канаданың Орталық Азиядағы жалғыз дипломатиялық өкілдігі болып табылады. 2022 жылдан бастап Алан Хэмсон Канаданың Қазақстандағы Елшісі. Алматы және
Нұр-Сұлтан қалаларында Канаданың визалық орталығы бар.

2003 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Канадаға ресми сапары өтті.

2018 жылғы желтоқсанда тарихта алғашқы рет Канаданың Генерал-губернаторы (мемлекет басшысы) Жюли Пайеттің Қазақстанға сапары өтті. Сондай-ақ, сол сапар аясында Ж.Пайетт қазіргі кезде Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеп жатқан канадалық ғарышкер Давид Сен-Жактың Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшу шарасына да қатысты. Айта кетерлік жайт, Ж.Пайетт бұрында астронавт ретінде ғарышқа екі рет ұшқан. Бір қызығы, Дж. Пайетт бұған дейңн астронавт болған және ғарышқа екі рет ұшқан.

2020 жылға қаңтарда қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесті.

Канада еліміздің 15 ең ірі инвесторларының қатарына кіреді және 2005 жылдан бері ҚР экономикасына 5,2 млрд. АҚШ долларын құйған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымының көлемі 496 млн. АҚШ долларына (+34,7%) жетті, бұл соңғы 6 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сол кезеңде Қазақстан экономикасына канадалық тікелей инвестициялардың көлемі 385 млн. АҚШ долл.құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 17 есе көп  (22,7 млн. АҚШ долл.) және соңғы 9 жылдағы ең үлкен сома.