Қазақстан-Куба: екіжақты ынтымақтастықты жандандыру

Қазақстан-Куба: екіжақты ынтымақтастықты жандандыру

Ү.ж. 22 шілдеде Гавана қаласында Қазақстан Республикасының Канададағы және Куба Республикасындағы міндетін қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елші Ақылбек Камалдиновтың Куба Республикасының Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Марселино Мединамен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Куба екіжақты ынтымақтастығын одан әрі дамытудың жай-күйі мен басымдықтарын талқылады. Кездесу барысында тараптар елдеріміз арасындағы саяси диалогтың үдемелі сипатын атап өтті.

Елші Министрдің бірінші орынбасарын Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырды. Сонымен қатар, А.Камалдинов экономикалық өзара іс-қимылдың, оның ішінде фармацевтика және туризм саласындағы перспективалық бағыттарын белгіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан Қазақстанның саяси жүйесінің реформаларына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Министрдің бірінші орынбасары Елшіні елдегі қазіргі саяси және экономикалық жағдаймен таныстырды.

Қазақстанның Кубаға қатысты бұлжымас ұстанымын қанағаттанарлықпен атап өтіп, дипломатиялық миссияның мәртебесін Елшілік деңгейіне көтергені үшін Қазақстан басшылығына ризашылығын білдірді.