Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы Канадада музыкалық кешпен атап өтілді

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы Канадада  музыкалық кешпен атап өтілді

ОТТАВА, 2021 ж. 22 маусым Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Қазақстанның Канададағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында іс-шаралар топтамасына енген музыкалық онлайн кеш ұйымдастырды.

Іс-шараға канадалық қоғамдық топтар, дипломатиялық корпус өкілдері, Онтарио, Альберта және Ванкувер провинцияларындағы қазақстандық диаспора, сондай-ақ Канададағы қазақстандық студенттер қатысты.

Іс-шара қонақтарын Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі Мұрат Рүстемов қарсы алды. Дипломаттың айтуынша, музыкалық кешті Елшілік Канададағы достарымен бірге Жамбыл Жабаевтың мұрасын түсіну үшін өткізуде. «Бұл әсіресе қазақстандықтардың өсіп келе жатқан ұрпағы, Канададағы отандастарымыз үшін қазақ мәдениеті оларға қол жетімді және түсінікті болуы үшін қажет», - деп атап өтті М.Рүстемов.

Ол, ХХ ғасырдың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы - қазақ поэзиясының қазынасы екенін атап өтті. Жамбыл Жабаев өзінің ұзақ және жемісті ғұмырын ең жақсы адами қасиеттерді – патриотизмді, тектілікті, заңға адалдық пен әділдікті дәріптеуге арнады.

Іс-шара барысында Канадада Торонтодағы әнші Әлия Седекқызының лирикалық орындауымен Жамбыл Жабаевтың әйгілі «Әгугай» әні, Торонтодағы әнші және музыкант Қыранбек Алтанның орындауымен Алтынбек Қоразбаев пен Серік Тұрғынбековтың «Туған жерім тамаша» әні шырқалды.

«Елімнің қыздарына» атты Жамбыл өлеңін Торонтодан Паола Зигаитис және Ванкуверден Людмила Киселева шабытпен оқыды.

Сондай-ақ, көрермендер Канададағы талантты отандастарымыз толқын Менкешева, Сұлтанбек Серік-ұлы және Ақмадияр Нұрлыбайұлының домбырамен орындауындағы қазақтың әйгілі күйшілері Құрманғазы Сағырбаевтың «Адай» шығармасын, А.Желдібаевтың «Ерке сылқым» шығармасын, Н.Тілендиевтің «Жекпе Жек» шығармасын тамашалады.

Іс-шара соңында, Қазақстанның Торонтодағы консулы Әнуар Ахметов барлық отандастарымызға Канададағы қазақ мәдени мұрасын ілгерілетуге белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.