Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясы 2021 жылғы 28 сәуірде өтеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясы 2021 жылғы 28 сәуірде өтеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – ҚХА) 29-шы сессиясын Нұр-Сұлтан қаласында шақыруды тапсырды.

ҚХА сессиясы Назарбаев Орталығында өтеді. Алдағы сессия Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктерін талқылауға арналады және сессия тақырыбы былай аталады: «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы».

Айта кетейік, ҚХА 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. ҚХА қызметі мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, республикадағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған. 2007 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына бірқатар түзетулер енгізілді. ҚХА-ға конституциялық мәртебе берілді, ол Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығын алды, бұл ҚХА-ның қоғамдық-саяси рөлін айтарлықтай арттырды. Ассамблеяның құқықтық мәртебесі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР арнайы заңымен, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Ережемен» белгіленді. ҚР Президентінің төрағалығымен өтетін сессия Ассамблеяның жоғары органы болып табылады. Оның барлық шешімдері мемлекеттік органдардың да, азаматтық қоғам институттарының да қарауы үшін міндетті болып табылады.

2020 жылдың қараша айында Майя Бекбаева және Зәкіржан Күзиев ҚХА төрағасының орынбасары болып тағайындалды.