Ядролық қаруды жоюға арналған канадалық желісі (CNANW) Ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсын құру туралы үндеуді қолдады

Ядролық қаруды жоюға арналған канадалық желісі (CNANW) Ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсын құру туралы үндеуді қолдады

Жаппай қырып-жою қаруды жою саласындағы 19 үкіметтік емес ұйымнан құрылатын канаданың ең ірі ұйымы - Ядролық қаруды жоюға арналған канадалық желісінен (CNANW) келіп түскен хатта, CNANW Басқарушы комитеті Қазақстанның өз аумағынан ядролық қаруды жою және көптеген жылдар бойы кең ауқымды ядролық сынақтардың салдарын жеңілдету бойынша жасаған жұмысын жоғары бағалады.

«Біз Қазақстанның ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт (ДЗЯО) бойынша келіссөздерді дайындау мен жүргізуде атқарған рөлін, сондай-ақ оның осы тарихи шартқа қол қойған және ратификациялаған алғашқы елдердің бірі болғанын жоғары бағалаймыз.

Сонымен қатар, Қазақстан ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсына (ГАЛ) бастамашылық жасай және ілгерілете отырып, батыл халықаралық көшбасшылықты көрсетіп отыр.

Біз сондай-ақ сіздердің Біріккен Ұлттар Ұйымымен осы маңызды бастаманы таратудағы ынтымақтастығыңызды қолдаймыз және сіздің мемлекетіңіз Канада үкіметін жаһандық көшбасшылар альянсына қосылуға шақырғаны үшін Қазақстанға алғысымызды білдіреміз.

Бұл бастама CNANW басымдықтарымен және Канада үкіметін ядролық қарусыздануды ілгерілетуде халықаралық деңгейде жетекші рөл атқаруға итермелеуге бағытталған күш-жігермен толық сәйкес келеді.

CNANW Қазақстан үкіметінің әлемдік көшбасшыларға осы Жаһандық Альянсты құруға шақыруын қуана қолдайды.

Қазақстанның ядролық қарусыздануды қолдау үшін ұйымдастыратын халықаралық іс-шараларды өткізу басқа мемлекеттер, соның ішінде Канада үшін тамаша үлгі болады деп есептейміз. Бұл іс-шаралар сондай-ақ ЯҚТШ-ның, ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ДНЯО) және ядролық қару мен қарусыздануды бақылауға ықпал ететін басқа да шарттардың маңыздылығын атап көрсетуге мүмкіндік береді».

          Қол қойғандар:

          Эрл Тюркотт, CNANW төрағасы (Earl Turcotte, Chair)

          Г-жа Бев Делонг (бұрыңғы төрағасы) Ms. Bev Delong (Past Chair)

          Мистер Роб Ачесон (Mr Rob Acheson)

          Г-н Сезар Харамилло (Mr. Cesar Jaramillo)

          Доктор Адель Бакли (Dr. Adele Buckley)

          Доктор Нэнси Ковингтон (Dr. Nancy Covington)

          Доктор Джонатан Даун (Dr. Jonathan Down)

 

CNANW туралы анықтама:

Ядролық қаруды жоюға арналған канадалық желісі (CNANW) 1996 жылы Канададағы ұлттық ұйымдардың өкілдері ядролық қарудың азғын және жойылуы керек деген пікірмен бөлісті.

CNANW құрамына діни бірлестіктер, кәсіби топтар, бейбіт және әйелдер ұйымдары кіретін он тоғыз мүше ұйым кіреді. Олардың барлығы Ядролық қаруды жоюды ілгерілетудің түрлі тәсілдерімен жұмыс істеуде.

CNANW өз қызметінде Канада үкіметін әлемдегі барлық ядролық қаруды жоюдың міндетті кестесін белгілейтін конвенция жасасу үшін басқа елдермен ынтымақтастыққа шақырады.

CNANW және оның мүшелері көпшілікке білім беру үшін жұмыс істейді, сонымен қатар Канадада және шетелде азаматтық қоғаммен, шенеуніктермен және саясаткерлермен семинарлар, кеңестер және кездесулер өткізеді. Бұл жұмыстардың барлығы Ядролық қарусыздану ісін ілгерілетуге және ядролық қарудан бас тарту процесін ілгерілетуге бағытталған.