Канадада Қазақстан студенттері және жастарымен онлайн кездесу өтті

Канадада Қазақстан студенттері және жастарымен онлайн кездесу өтті

Оттава, 2021 жылғы 23 ақпан – Қазақстан Республикасы Елшілігінің бастамасы бойынша Канадада тұратын қазақстандық студенттер және жастармен онлайн-кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты - жастар арасында тығыз байланысты орнатып, ұйымшылдық, өзара қолдау және патриоттық рухты нығайту болды.

Қазақстанның Канададағы елшісі Ақылбек Камалдинов өзінің бастама сөзінде біздің елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы айтты.

Жастар саясатын жетілдіру бойынша мемлекет қабылдаған шараларға ерекше назар аударылды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елші Канададағы қазақстандық жастарды «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасына және Қазақстанда креативті индустрияны құруға белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу барысында Елшілік пен ҚР Торонтодағы консулдығының дипломаттары Еліміздің Канададағы дипломатиялық өкілдіктері көрсететін консулдық қызмет саласындағы өзекті мәселелер туралы айтып, қазіргі карантиндік шектеулерді түсіндірді. Кездесуге қатысушылар үшін ҚР паспортын ресімдеу, нотариаттық іс-әрекеттер және Қазақстаннан құжаттар сұрау мәселелері үлкен қызығушылық тудырды.

Өз кезегінде, Қазақстандық студенттер қауымдастығының өкілі Динара Есмурзинаның ұйымның қызметі туралы айтқан сөзі өте қызықты және мазмұнды болды. Қауымдастықтың негізгі міндеті - Қазақстан студенттерін біріктіру және оларға мәдени, әлеуметтік және білім беру шаралары арқылы бейімделуге қолдау мен көмек көрсету болып табылады.