НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ - тегін онлайн қазақ тілі сабақтары қол жетімді

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ - тегін онлайн қазақ тілі сабақтары қол жетімді

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ - тегін онлайн қазақ тілі сабақтары қол жетімді

Қымбатты достар, баршаңызды қазақ тілін тегін онлайн оқуға шақырамыз.

"Отандастар Қорының" қолдауымен шетелде тұратын әрбір отандасымыз қазақ тілінен тегін сабақ ала алады. Онлайн сабақтар апта сайын сенбі және жексенбі күндері Ағылшын, Орыс және Түрік тілдерінде өткізіледі. Парсы тіліндегі сабақтар әр сәрсенбі мен жұмада өтеді.

Отандастар қорының телеграмм-арнасына жазылыңыз, қосылу нұсқаулығын және онлайн сабақтардың кестесін алыңыз.

Онлайн трансляцияға қосылуға арналған сілтемелер "Отандастар қоры" АҚ Telegram: oq-BILIM телеграмм-арнасында жарияланады. https://t.me/s/otandastar_qory?after=223

Сабақтардың бейнежазбасы Отандастар Қорының Youtube-тағы: Otandastar channel арнасында орналастырылады https://www.youtube.com/channel/UCuKN7IPPq7fGjKWz9MjaYYA

Отандастар қорының сайтына сілтеме: https://www.oq.gov.kz/en

 

Сондай-ақ, "Абай институты" веб-порталы жұмыс істейді https://abai.institute/. Интернет-портал шетелдегі отандастар үшін тіл үйренудің қолжетімділігін жақсартуға арналған. Сондай-ақ," Абай институты " Android Және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қол жетімді.

Бұдан басқа, мемлекеттік комиссия тұжырымдама қабылдап, шетелде тұратын отандастарымызға арналған Қазақ тілі бойынша әмбебап жалпы оқулық үшін контент әзірлейді.