«2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендету мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Мемлекеттік Электронды Кітапханалық Қор - Қазақстанстандық Ұлттық Электронды Кітапхана» ақпараттық жобасы жүзеге асырылды.
Жобаның мақсаты - Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының базасында мемлекеттік кітапханалық қордың бірегей ұлттық электрондық каталогын және бірегей электронды қоймасын құру.
Жобаның міндеттері – қазақстандықтардың сандық сауаттылығын арттыру, қазақстандық зерттеушілердің ғылыми-техникалық жетістіктері туралы мәліметтерді жеткізу, аса құнды коллекцияларды сақтау жолында оның электрондық көшірмесін жасау және оған қашықтықтан енуді қамтамасыз ету, электрондық кiтапханалық қызметтер спектрiн кеңейту.
Жобаны реттейтін құжаттарының пакетi «Мәдениет туралы» Заңға, 1996 ж. 10 маусымдағы № 6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы» ҚР Заңға, «2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендету мемлекеттік бағдарламасы», Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ақпарат және байланыс агенттігінің ведомстволық бұйрықтарына негiзiнделген. МЭКҚ-ҚазҰЭК туралы Ережесі, Жобаға қатысушылар Келісімі, Құқық иеленушілерінің авторлық келісімшарты порталдың «Жоба туралы» бөлімінде орналасқан (www.kazneb.kz).
«МЭКҚ-ҚазҰЭК» ақпараттық жүйесінің басты серіктесі және құрастырушысы – «InesSoft» ЖШС.
ҚазҰЭКті жүзеге асыру барысында электронды сақтау қоймасына, порталға қолжеткізу орнының технологиялық платформасы және МЭКҚ-ҚазҰЭК жаңа автоматтандырылған ақпараттық кітапханалық жүйесі жасалды.
ҚазҰЭК портал ретінде ғаламтор желісінде 2007 жылдың желтоқсанында www.kazneb.kz мекен-жайында ұсынылды.
Жобаның басты ерекшелiгi - ол әрбiр қазақстандықтың тұрғылықты жеріне қарамастан ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкiндiк береді, әсiресе еліміздің түпкі өңірлерінде тұратын тұрғындардың үйінде отырып ақпарат алуына қолайлы, оларға компьютер арқылы интернетке ену жеткiлiктi. Дәл қазiргі уақытта электрондық кітапхананы толықтыру мен оны Қазақстан қоғамының әр түрлi деңгейіндегі ортада дәріптеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Жоба барысында порталда заманауи сервистер жүзеге асырылды:
- Пайдаланушылар порталға тіркелусіз және авторланусыз е-көшірмелерге еркін қолжеткізеді;
- Топтамадағы құжаттар санын тақырып, құжат түрі, кезең бойынша автоматты көрсету;
- Жай, кеңейтілген, толық мәтіндік іздеу, іздеу нәтижесін нақтылау;
- Қазақстан кітапханаларының онлайн-каталогтарына шығу сервисі, біруақытта бірнеше каталогтан іздеу;
- Кітапханаға қашықтықтан жазылу, оқу залдарына кітапқа алдын-ала электронды тапсырыс жасау, құжаттарды электронды жеткізу, кітапты ұзарту, ҚРҰАК электронды каталогынан іздеу, табылған әдебиеттердің тізімн жүктеу, «Кітапханашыға сұрақ» виртуалды анықтамасы;
- «Топтамадағы жаңа түсімдерді», «Ең танымал кітаптарды» қарау мүмкіндігі;
- Барлық электрондық ресурстар мен дерекқорларға «Іздестірудің бір терезесі»;
- www.kazneb.kz порталының мобилді нұсқасы.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жобаны жүзеге асыру алаңы ретінде веб-порталдың жұмысын жүргізу, толықтыру және серіктестерді тарту бойынша жүйелі істер атқарады.
http://nabrk.kz/home/projects/kaznebref/!ut/p/z1/04_Sj9CPykssy0xPLMnMz0vMAfIjo8ziLQK9HT08vA383D19jAwCnd19AwLdHY3dgw30w8EKDHAARwP9KEL6o_ApMTAxJqDAwACqAI8bgotK9QtyIwwyA9IVAfMQiI4!/dz/d5/L0lHSkovd0RNQUZrQUVnQSEhLzROVkUva2s!/