
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2026 ж. 15 наурызда Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді.
Канададағы ҚР азаматтары 2026 ж. 15 наурызда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін Оттавадағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде № 443 сайлау учаскесінде дауыс бере алады (150 Metcalfe St., Suite 701, Ottawa).
Сайлаушылар тізіміне ену үшін өзіңіз туралы ақпаратты (толық аты-жөніңіз, туған күніңіз, ЖСН, тұрғылықты мекенжайыңыз және байланыс ақпаратыңыз) алдын ала consul.ottawa@gmail.com электрондық поштасына жолдауды немесе +1.613.695.86.23 телефон арқылы хабарлауды сұраймыз.
Дауыс беру күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспортыңыз болуы керек.
* * *
Жаңа Конституция жобасымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының веб-сайтында мына сілтеме арқылы таныса аласыз:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1159830?lang=kk