Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының паспортын ресімдеу

Жаңа паспортты ресімдеуге келесі санаттағы ҚР азаматтары өтініш білдіре алады:

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерделерде тұрақты тұратын (паспортта «Канадаға тұрақты тұруға кетуге рұқсат» деген белгі немесе Қазақстан Республикасының көші-қон полициясы берген хабарлама болуы керек);
2) шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын;
3) шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін;
4) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар адамдар.

 

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш білдіруші жеке өзі (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) келесі құжаттарды 2 данада ұсынуы қажет (түпнұсқа және әрбір құжаттың көшірмесі):

1) өтініш;
2) толтырылған формуляр (барлық бағандар бойынша толық ақпарат берілуі тиіс);
3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);
4) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ фонда жасалған түрлі-түсті төрт фотосурет;
5) келесі құжаттардың біреуі (жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдардан (қарттар) басқа):
- Канаданың тұрақты тұрғыны картасының көшірмесі және паспорттағы «Канадаға тұрақты тұруға кетуге рұқсат етілген» белгісінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының көші-қон полициясы берген хабарлама;
- Канадада оқу орнымен берілген күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатынын растайтын анықтама (қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымын);
- Канадада жұмыс істеуге рұқсаттың көшірмесі және қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы жасалған еңбек шартының көшірмесі;
- тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжат;
6) Канаданың өкілетті органдарымен берілген Канаданың азаматтығын алмағаны туралы анықтаманы (қазақ немесе орыс тіліне нотариалды аударылған және консулдық заңдастырудан өткен) (Канадада тұрақты тұрғын мәртебесіне ие және болу елінде 3 жылдан артық уақыт тұрып жатқан азаматтар үшін);
7) консулдық алым - 100 АҚШ доллары көлемінде ҚР Канададағы Елшілігінің атына берілген money order.

• Қажет болған жағдайларда өтініш білдірушіден келесі қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін:

- Туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат;
- Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);
- Тегіне, атына, әкесінің атына өзгерту енгізілген жағдайда ҚР өкілетті органдарымен берілген растайтын құжаттың көшірмесі;
- Жоғалтылған паспорттың орнына жаңа паспорт ресімделген жағдайда қазақ немесе орыс тіліне аударылған полиция қызметінің анықтамасы (Police Report);
- Ескі паспортта жарамды виза болған жағдайда паспортты визаның мерзімі біткенге дейін қалдыруға болады. Ол үшін еркін түрде жазылған өтініш және жарамды виза жапсырылған паспорт бетінің көшірмесі ұсынылу қажет.

• Паспортты ресімдеу мерзімі 3 айға дейінгі уақытты құрайды.

• Поштамен жолданған құжаттар қарастырылмайды.

Дата публикации
07 июня 2020
Дата обновления
07 июня 2020
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

31 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
31 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
30 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

twitter
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы